Kaspersky Security Center Linux тапсырмаларды құру және іске қосу арқылы құрылғыларда орнатылған Kaspersky қауіпсіздік бағдарламаларының жұмысын басқарады. Тапсырмалардың көмегімен бағдарламаларды орнату, іске қосу және тоқтату, файлдарды сканерлеу, бағдарламалардың дерекқорлары мен модульдерін жаңарту, бағдарламалармен басқа әрекеттер орындалады.
Бағдарлама үшін басқару плагині орнатылған жағдайда ғана тапсырма жасай аласыз.
Тапсырмалар Басқару серверінде және құрылғыларда орындалуы мүмкін.
Басқару серверінде орындалатын тапсырмалар:
Құрылғыларда тапсырмалардың келесі түрлері орындалады:
Жергілікті тапсырмаларды тек әкімші Kaspersky Security Center Web Console-інің құралдары арқылы ғана емес, қашықтағы құрылғының пайдаланушысы да өзгерте алады (мысалы, қауіпсіздік бағдарламасының интерфейсінде). Егер жергілікті тапсырманы басқарылатын құрылғыда әкімші де, пайдаланушы да бір уақытта өзгерткен болса, онда әкімші енгізген өзгерістер басым болып күшіне енеді.
Егер тапсырманың сипаттарында басқаша көрсетілмесе, топтық тапсырма аталған топтың ішкі топтарына да таралады. Топтық тапсырмалар (міндетті емес) осы топқа және ішкі топтарға орналастырылған қосалқы және виртуалды Басқару серверлеріне қосылған құрылғыларда да жұмыс істейді.
Әр бағдарлама үшін сіз топтық тапсырмалардың, глобалдық тапсырмалардың және жергілікті тапсырмалардың кез келген санын жасай аласыз.
Тапсырма параметрлеріне өзгертулер енгізуге, тапсырмалардың орындалуын бақылауға, тапсырмаларды көшіруге, экспорттауға және импорттауға, сондай-ақ жоюға болады.
Құрылғыдағы тапсырмаларды іске қосу тек осы тапсырмалар жасалған бағдарлама іске қосылған жағдайда ғана орындалады.
Тапсырмаларды орындау нәтижелері оқиғалардың жүйелік журналында және Kaspersky Security Center Linux оқиғалар журналында орталықтандырылған түрінде Басқару серверінде де, әр құрылғыда жергілікті түрінде де сақталады.
Тапсырмалар параметрлерінде құпия деректерді пайдаланбаңыз. Мысалы, домен әкімшісінің құпиясөзін көрсетпеуге тырысыңыз.